$ 521.57  601.01  6.65

Кен орны қылмыскерлердің қолында болған: полиция 50-ден астам адамды ұстады

Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын көлемі 400 миллион теңгеден асатыны анықталды.

Фото: ПД
Фото: ПД

Жамбыл облысында заңсыз кен өндірумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Полиция департаментінің мәліметінше, “Ақбақай” кенішінде заңға қайшы әрекет еткен тұлғалар бірнеше аймақтан бір мезгілде қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу барысында мемлекетке келтірілген шығын көлемі 400 миллион теңгеден асатыны анықталды. Операция аясында 50-ден астам адам ұсталып, алтын өндіруге арналған сегіз астыртын цехтың көзі жойылды.

Тәркіленген заттардың қатарында 6 келіге жуық алтын бар. Құзырлы органдар бұл іске ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған жетекшілік ету және қатысу деректері бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары