$ 521.57  601.01  6.65

Қаскелеңде Mercedes-Benz жазғы дәмханаға кіріп кетті: даяшы ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Жеңіл көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жазғы дәмхана аумағына кіріп кеткен.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қаскелең қаласындағы Абылай хан көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеңіл көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жазғы дәмхана аумағына кіріп кеткен.

Оқиға кезінде қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істеп жүрген даяшы қыз зардап шекті. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр. Полиция дерегінше, Mercedes-Benz жүргізушісінің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары