Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, АЭС құрылысы шамамен 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қазақстанда салынғалы жатқан АЭС құрылысы 12 жылға созылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, АЭС құрылысы шамамен 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарланып отыр.
"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салу және пайдалануға беру үдерісі орта есеппен 10–12 жылға созылады. Осыған сәйкес, құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі – 2035–2036 жылдар. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарларға сәйкестігін растап отыр", – делінген хабарламада.
Агенттік жобаның нақты құнын айтуға әлі ерте деп отыр.
“Кез келген атом электр станциясын салу кезінде оның түпкілікті құнына бірқатар факторлар әсер етеді. Атап айтқанда: