$ 512.44  593.15  6.52

Астанада 10 жасар қыздың қолы қамыр кесетін құрылғыға қысылып қалды (ВИДЕО)

Ата-анасы қолын өздері шығара алмай, құтқарушыларға жүгінді.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астанада 10 жасар қыз қамыр илейтін құрылғыға қолын қысып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

10 жасар қыздың қолы құрылғыға қысылып қалған екен. Ата-ана қолын өздері шығара алмай, құтқарушыларға жүгінді.

Құтқарушылар баланы және ата-ананы тыныштандыруға мәжбүр болды.

"Тез келген құтқарушылар алдымен бала мен ата-ананы тыныштандырды, содан кейін құтқарушылардың бірі қыздың қолына мұз жағып, оның назарын аударса, екіншісі аппаратты жартылай бөлшектеп, саусақтарын босатқан", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бала жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары