Бірқатар өңірде қатты жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, ал кей жерлерде аяз болатынын ескертті.
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қатты жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, ал кей жерлерде аяз болатынын ескертті. Сонымен қатар, өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейде болатыны да атап өтілді.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында найзағай, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Шымкент пен Түркістан қалаларында найзағай, шаңды дауыл және қатты жел болады.
Алматы, Жетісу облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қатты жел, шаңды дауыл және 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Атырау мен Маңғыстау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда және Ақтөбеде де өрт қаупі жоғары.
Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында найзағай, қатты жел және өрт қаупі байқалады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, 15-20 м/с жел, өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында күндіз жоғары температура мен жел болады, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын, түнде тұман, жел және 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Сонымен қатар, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
29 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, оңтүстікте қатты ыстық пен өрт қаупі, ал солтүстік пен шығыста түнгі аязға дейін салқындау күтіледі. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райының өзгерістеріне дайын болуға кеңес береді.