$ 510.81  578.59  6.51

«Емін-еркін, әзілдесіп отыр»: Шерзат сотында айыпталушылар мінген көліктің бейнежазбасы көрсетілді

Көлікте Нұрқияс Ілиясов, Абзал Шынасыл және куәлер Жақсыгелді Дана, Нұрбекова Эльмира мен  Юлдашев Арлан отырған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Талдықорғандағы Шерзат Полат сотында жәбірленуші тарап ұсынған Шерзат жараланған соң оқиға орынынан қашып кеткен күдіктілер мен екі куәгер қыз отырған көліктердің бейнетіркегішке жазылған сөздер жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көлікте Нұрқияс Ілиясов, Абзал Шынасыл және куәлер Жақсыгелді Дана, Нұрбекова Эльмира мен  Юлдашев Арлан отырған. Артынан Жақсыгелді басқа көлікке ауысады. Ұсынылған бейнежазбада «Қамажай» дүкенінің алдында болған төбелестен соң көлікке отырып оқиға орынынан қышып кеткен күдіктілердің өзара болған жағдайды талқылағаны сотта көрсетілді.

Бейнежабада бірінен соң бірі айтылған балағат сөздер айтып, тіпті әзілдесіп күлгені де байқалады. Оған қоса куәгер екі қыздың басқа күдіктілермен емін-еркін ешқандай эмоцияналды күйзеліссіз сөйлеп отырғаны әрі көргендерін анық айтқандары да бейнежазбада көрсетілді. Еске сала кетейік,  өткен сот отырысында Нұрбекова Эльмира көп сұраққа «шок болдым, есімде жоқ», – деп айтқан еді, ал бүгінгі жарияланған бейнежазбада дәл осы Нұрбекованың төбелес жайлы көлік ішінде күдіктілермен көп талқылағанын көруге болады.  

Бейнематериалда күдіктілердің бірі оқиға кезінде айтқан сөздері анық естіледі. Ол өз әрекетін ақтап, «Кешірші, менің балам ол". Сол қатынды сабағандай...» деген. Бұдан кейінгі сөздер балағатқа толы болғандықтан, сот отырысында толық мазмұны анық естілмеді.

Сотта ұсынылған бейнежазбаларда көлік ішінде отырғандардың еркін түрде сөйлесіп, әзілдескені байқалады. Бірі ән салып отырса, енді бірі екі жылдан кейін үйленетінін айтады. Сол сәтте ер адамдардың бірі куәгер Эльмира Нұрбековадан төбелес пен мылтыққа қатысты сұрақ қояды.

Эльмира Нұрбекова: «Бір ер адам. Біздікілерден емес. Бір жақта сұлап жатыр», – деп жауап береді.

Қасындағы адам: «Оны лақтырып жіберді ме?» деп сұрағанда, Эльмира басын изеп, «мхм» деп жауап қайтарады.

Эльмира жалғастырып:

«Ол бізге қарай мылтық кезенді. Артынан адамдар жүгіріп келді», – дейді. Қасындағы ер адам: «Екі адам жерде жатыр», – дейді.

Куәгер оқиғаны былай сипаттайды:

«Бастапқыда бәрі дүкеннің жанында топ болып тұрған. Біз құрбыммен бірге дүкенге кірдік. “Темекі сатыңызшы” дедік. Сол сәтте сырттан біреу: “Шығыңдар, мен тапанша алып шығамын” деді. Біз “жарайды” деп кете бергенбіз. Сыртта бір жағдай болып жатқан сияқты көрініп, екеуміз қайта шықтық. Қарасам, дүкен ішіндегі жігіт…»
Осы кезде ер адам жас жігіт туралы сөз қозғайды. Эльмира: «Иә, иә. Толықтау келген. Сол жігіт шықты да, “бәріңді атып тастаймын” деді. Біздің жігіттер: “Атсаң, ата бер, ешқандай проблема жоқ” деп жауап қатты. Біз қарап тұрмыз. Ол “Атам, атам” деп айқайлады. Адамдар жан-жаққа қаша бастады. Сол кезде әлгі жігіт мылтықпен шығып, екі рет аспанға оқ атты», – дейді.

Кейін Эльмираға біреу қоңырау шалып, біреуді жіберуді сұрайды және полиция туралы сөз қозғалады. Бірер секундтардан кейін көлік ішіндегі адамдар алыстан полицейлерді байқады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 5
Күлкілі 2
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шерзат Болат