$ 510.84  579.7  6.39

Шерзат ісі: Сотта Нұрымовтың пышағы көрсетілді

Бейнежазбада Қаржаубай Нұрымов оқиға күні «Қамажай» дүкенінен қандай пышақ алғанын сипаттап көрсетеді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың тергеу кезінде айтқан сөздері жазылған бейнематериал көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бейнежазбада Қаржаубай Нұрымов оқиға күні «Қамажай» дүкенінен қандай пышақ алғанын сипаттап көрсетеді.

«Пышақтың ұшы домалақ, кәдімгі май немесе нан турауға арналған. Сол қарумен мен балаларды шошытпақшы болдым. Алдымен пышақты қолына ұстаған — Нұрбол Тоқтаубаев. Оның әрекетін көрген соң, мен де сондай пышақты сыртқа алып шықтым. Бірақ бұл сәт бейнежазбада тіркелмей қалған», — дейді Нұрымов.

Қару ретінде көрсетілген пышақтың ұзындығы – 29 сантиметр: оның жүзі – 15 см, ал сабы да 15 см.

Сотта көрсетілім кезінде айыпталушылардың бірі Қаржаубай Нұрымовтың қолында дәл сол пышақ емес, сары түсті басқа бір пышақ болғанын алға тартты. Судья бұл жайт жарыссөз кезеңінде қаралатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша тоғыз адамға айып тағылған. Сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушыларға келесі баптар бойынша айыптар тағылған:

Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) және 293-бабы (Бұзақылық) бойынша айыпталуда.

Равиль Сакиев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).

Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).

Дархан Әскентай – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).

Нұрқияс Ілиясов – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).

Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).

Нұрбол Тоқтаубаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).

Дидар Қалиахмет – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).

Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары