Орамал кию — Алланың парызы.
Өзін медиа менеджер ретінде таныстыратын Жанәділ Райымбеков орамалын шешіп жатқан қыздардың көбейгенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогердің айтуынша, әлеуметтік желілерде орамалын шешкенін мәлімдегендердің көбі арнайы тапсырыспен жасап жатқандар.
”Байқайсыздар ма, соңғы кезде инстаграмда орамалын тастаған қыздардың видеолары көбейіп бара жатыр. Біріншіден, ішін қарап шықсаңыз, бұлар орамал кимегендер. Көбісі тәңіршілдер, арнайы заказбен жасалып жатқаны көрініп тұрады. Орамал таққан болып он шақты пост салады, бір қарасаң “орамалды шешем” деген шешімге келдім дейді. Мысалы, адам ақшаны алып, оның ләззәтын, құндылығын түсінсе, ешқашан ақшаны тастап кете алмайды. Тура сол сияқты орамалдың, жаулықтың қаншалықты құнды екенін түсінген адам оны ешқашан шеше алмайды. Шынымен орамал тағып, шешкен адам болса, ол адам әлі орамалдың не екенін түсінбеген адам. Орамалды бастан бұрын, жүрекке тағу керек. Жүрекке орамал тағылмайынша бастағы орамалдың түкке пайдасы жоқ. Орамалды шешу ауыр күнәлардан. Хиджаб туралы Ниса, Ағраб сүресінде кездеседі. Орамал кию — Алланың парызы. Оны шешу — Аллаға қарсы шығу, ауыр күнәлардан. Ал, адам “орамалды шештім” деп инстаға салу — күнәні істедім деп мақтану. Сол мақтанғанын елге тарату. Кім өзінің күнә істегенімен мақтанатын болса немесе оны басқаларға жариялайтын болса, онда ол адам ол күнәні істегеннен де ауыр күнә арқалайды”, — дейді ол.
Сондай-ақ, Жанәділ Райымбеков хиджаб киіп жүрген әйелдерге ескерту жасады.
”Орамал тақтым деп қоясыздар, орамал таққан адамның беті, білегі, тобығы көріну керек. Басқа жерлері түгелдей көрінуі және дене пішіні көрініп тұруы — харам. Ойлап қараңыздар, қыздың білегі ашылып қалып, көрінетін болса, екі аяғының ортасы ашылып қалып көрінгеннен ешқандай айырмашылық жоқ. Екеуі бірдей харам. Мысалы, қолы ашылып қалған азырақ харам, екі аяғының ортасы көрініп қалса көбірек харам деп ешкім айта алмайды”, — дейді ол.