$ 530.15  617.47  6.64

16 жасар Фатима Сұпығалиева Азия ойындарының чемпионы атанды (ВИДЕО)

Финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотованы иппон тәсілі арқылы жеңді. 

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы Фатима Сұпығалиева дзюдодан алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

52 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотованы иппон тәсілі арқылы жеңіп, Азия чемпионы болды. 

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов Фатима Сұпығалиева болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі екенін айтып, оны халықаралық бәсекедегі айтулы жеңісімен құттықтады. 

– Фатиманың жүйелі жаттығуына, тұрақты жарыстарға қатысуына басқарма тарапынан бар жағдайды жасап отырмыз. Сондай-ақ БҚО Дзюдо федерациясы тарапынан да үздіксіз қолдау көрсетіліп келеді. Спортшы жақын арада Жапонияға жаттығуға аттанады. Оны алда үлкен додалар күтіп тұр. Әлем, Азия чемпионаттарына қатысып, жеңіске жететініне сеніміміз мол, - деді ол.

Фатима Сұпығалиева бұған дейін де бірнеше республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарған. Азия ойындарындағы бұл жетістік – оның спорттық жолындағы ірі белестерінің бірі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары