$ 510.84  579.7  6.39

«Тарихи сәт»: Қазақстанда алғаш рет 25 келіннің беташары бір мезетте жасалды (ВИДЕО)

Бастапқыда шараға 50 жұп қатысуы керек болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Елордада бір мезетте 25 келіннің беташар рәсімі өтті. Салтанат сарайында өткен тарихи оқиға КИнЭС рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

Бастапқыда шараға 50 жұп қатысуы керек болған. Алайда ресми неке куәлігін алып үлгерген 25 жұп қана Салтанат сарайындағы тарихи оқиғаның кейіпкеріне айналды.

– 25 жұп та алдағы уақытта той өткізуді жоспарлап отырған біздің тұтынушыларымыз. Оларға хабарласып, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енетіндерін, тарихта қалатындарын айтқаннан кейін бәрі оп-оңай келісті. Бұл – барлық әріптестерімізбен бірге ұйымдастырылған шара. Бәріміз КИнЭС рекордтар кітабына қалай енуге болатынын ақылдасып, осы шараны ұйымдастыруды шештік, – дейді Еркебұлан Шайқыстан.

Ал КИнЭС рекордтар кітабының ресми өкілі елімізде бұған дейін мұндай бағытта ешқандай рекордтық оқиға болмағанын айтады.

– Бүгін бізде жаңа рекорд тіркелді. Елордадағы Салтанат сарайында беташар ұйымдастырылып, 25 жұптың некесі қиылды. Біздің рекордтар кітабымызда бұған дейін беташарға қатысты рекордтық жағдайлар тіркелмеген, – дейді Әкежан Шыңғыс.

Тарихи сәттің кейіпкеріне айналған жас жұбайлар болса, неке қию сәтінде ерекше толқығандарын айтады.

– Қазір өте ерекше сезімде тұрмыз. Өйткені бұл – қайталанбас күндердің бірі. Бұл беташар жақсы өтті деген ойдамыз. Мұндай ұсыныс түскен кезде келісу қиындау болды. Соңында ойлана келе, екеуміз қатысатын болып шештік. Ал біздің салтанатты тойымыз тамыз айында өтеді, – дейді Қуаныш Кәдірбек пен Сымбат Нұрзілда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары