Ол оқырмандарының "Жігітті қалай тануға болады?" деген сұрағына жауап берген.
Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарын қалай сынағаны жайлы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол оқырмандарының "Жігітті қалай тануға болады?" деген сұрағына жауап берген.
"Жауап іздеген мен де болғам. Кейде көңілмен таңдаймыз, кейде сөзге, түрге, беделге қараймыз. Бірақ ең сенімдісі — іс. Мен тауды жақсы көрем, білерсіз. Сол себепті бір күні Маратқа: — Шыңға шығайықшы, — дедім. Ол тауға жиі шықпайтын. Бірақ бас тартпады. Басында бірге күліп, сөйлесіп келе жаттық. Кейін екеуіміз де шаршадық. Ауа тарылды, аяқ талды. “Қайтамыз ба?” деп сұрадым. Ол мені алға жіберіп, кейде су ұсынды. — Тағы аз ғана қалды, – деп жымиып демеу болды. Сол сәтте ішімнен: “Егер осы шыңға жетсе – өмірде де менімен бірге көтеріле алады” — деп ойладым. Ол жетті. Мен жауап алдым. Содан бері біз бағындырған шың көп. Психологияда бір қағида бар: Адамның шынайы болмысы – қиналған һәм қуанған сәтте көрінеді. Сондықтан қыздарға айтарым: Жігітті биік сөзбен емес, биікке бірге шыққанда таны", деп жауап берді ол.
Желі қолданушылары бақыт тілеп, Динаның керемет әдісіне таңдаңды.