Сонымен қатар, Джохар Өтебеков судьяның жұмысы туралы пікір білдірді.
Танымал адвокат Джохар Өтебеков Шерзаттың өліміне қатысты сот процесін, прокурорлар мен полицейлерді сынап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шерзат мерт болған оқиға орнында 15 адам болған. Тергеу кезінде тек 13 адамнан жауап алынған. 11-ін қамауға алған, тек 9 адамды соттап жатыр. Шерзатты өтліргені үшін тек бір адам айыпталып отыр. Тек бір! Қалған айыпталушылар “көршілердің ұйықтауына кедергі жасапты”. Оларды бұзақылық бабымен соттамақ! Сонда ол топтасып адам өлтіру болмаса, біздің видеодан көргеніміз не? Полиция мен прокурорлар “хуторлықтарды” неге кінәсіз деп санайды?, - дейді адвокат.
Сонымен қатар, Джохар Өтебеков судьяның жұмысы туралы пікір білдірді.
- Судья процесті заң тұрғысынан жақсы атқарып отыр. Бірақ ол полиция мен прокурорлар айып тақпаған адамдарды кісі өлтіргені үшін соттай алмайды. Мұндай “бұзақылар” бір жылдан кейін-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. Сосын тағы адам өлтіріп, адамдардың ұйқысын бұза ма? Хуторлықтар тағы да заңды айналып өтті. Түрмеде туған күн тойлап, сот залынан күліп шыққан солар емес пе?, - дейді Өтебеков.