$ 514.5  582.67  6.35

«Жаңбыр, бұршақ, найзағай»: Елімізде 7 мамырда ауа райы қандай болады

Қазақстанның қалған аумағында антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Синоптиктер 2025 жылдың 7 мамырында елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады; батыс, солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша ортақ таьиғи құбылыс - желдің күшеюі. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары