$ 514.5  582.67  6.35

«Қара бешбармақ»: етке дәрі қосып жеген ер адамның әрекеті көпшілікті шошытты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық аспаз және блогер Руслан Ибрагимов қазақтың ұлттық тағамы — етті ерекше тәсілмен дайындап, сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер тағамның қамырына ерекше реңк беру үшін белсендірілген көмір ұнтағын қосқан. Жарияланған видеода Руслан қазанға ет пен қазыны салып, асып жатқанын көрсетеді. Ал қамыр илеу кезінде оған көмір ұнтағын араластырады.

Руслан Ибрагимовтың айтуынша, бұл жаңашылдық тағамның дәміне әсер етпеген.

Алайда желі қолданушылары мұндай тәсілді қолдамады.

Олар: «Тамаққа бұлай қарауға болмайды, тәбетті қашырады», «Ұлттық тағамды мазақ қылудың қажеті жоқ, жиіркенішті іс», «Таза хайп үшін тамақты қор қылдыңдар», «Тамаша тағамның неге түрін өзгертіп, бүлдірдің?», «Аппақ нанды қарайтып, ырымға да жаман», «Бұл тойынғанның белгісі емес пе?» — деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары