$ 512.32  582.92  6.29

Мұғалімдерден ақша жинау тоқтамай отыр: Директорларға қатаң ескерту жасалды (ВИДЕО)

"Ешқандай мектеп, ешбір ұстаз не алғашқы мұғалім үшін ақша жиналмауы тиіс".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова мектептерде ақша жинау фактілері әлі де бар екенін айтып, мектеп директорларына қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол қалалық жиындардың бірінде мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде мұғалімдерден түрлі сылтаумен ақша жиналып жатқаны жайлы шағымдар жиілеген.

«Бізге әкімдік тарапынан да осындай ақпарат келіп түсіп жатыр. Тіпті мектептерде қоңырау орнатуға да ақша жиналатыны жөнінде мәліметтер бар. Мұндай жағдайларға жол берілмейді. Ешқандай мектеп, ешбір ұстаз не алғашқы мұғалім үшін ақша жиналмауы тиіс. Бұл мәселеге мектеп басшылары тікелей жауапты», – деді басқарма басшысы.

Ол бұл жағдайды жеке бақылауына алатынын айтып, мұғалімдерге қысым көрсетуге жол берілмейтінін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары