$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Орамалын осы үшін шешкен екен»: Абай Бегейдің қызы Сымбат сынға қалды (ВИДЕО)

Бұл жолы оның туған күн кешінде билеген видеосы желіге тарап, көпшіліктің назарын аударды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы тағы да әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы оның туған күн кешінде билеген видеосы желіге тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Бұған дейін орамалын шешіп, жаңа образымен көпшілік алдына шыққан Сымбаттың биіне желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі оны қолдаса, енді бірі сынға алды.

«Осы үшін жас кезде орамал тақпау керек», «Билесін, жас қой», «Өзіне жарасып тұр», «Мына жүрісі ұят екен», «Еркектердің көзінше бұраңдағаны несі?», «Орамалын осылай жүру үшін шешкен екен ғой», «Кезінде қатты қысылған сияқты» деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 1