$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

«Сені көруді асыға күтемін»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Өнер иесі сахна сыртындағы сәттерді жанкүйерлерімен бөлісті.  

Фото: Инстаграм kudaibergenov.dimash
Фото: Инстаграм kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турнесі аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық барысынан фото-видеолар жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі сахна сыртындағы сәттерді жанкүйерлерімен бөлісті. 

Әнші Мексиканың Мерида қаласындағы Foro GNP Seguros аренасында өткен дайындық кадрларын көрсетті. Суреттер концерттің басталуына екі сағат қалғанда түсірілген.

Димаш көрермендермен жүздесуді асыға күткенін айтып, дайындықтың сәтті өткенін жеткізді.

«Енді біз мұның бәрін сахнаға шығаруға дайынбыз!», – деп жазды әнші концерт алдында.

Өнер иесінің жазбасына жанкүйерлері де жылы лебіздерін білдірді.

«Қымбатты Димаш, Құдай сені әрқашан жарылқасын, Меридада бізбен бірге болғаның үшін рақмет, біз тағы да DIMENSIONS турнесінің бір бөлігі болғанымыз үшін рақмет айтамыз», «Мен сені көруді асыға күтемін, сәттілік, Аргентинадан сәлем», – деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0