Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
Танымал әнші Сәкен Майғазиев жары екеуі немересін көру үшін Қарағандыдан Астанаға арнайы жол тартты. Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші жазбасын шүкіршілікпен бастап, оқырмандарына ақ тілегін жеткізді.
«Баршамызды жоқтан бар еткен бір АЛЛАға шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын. Пайғамбарымыз МУХАММЕДке сансыз салауаттары болсын! Қарағандыдан Астанаға немеремізді иіскеп, сүйіп, мауқымызды басуға асығып, түнде шығып кеткенбіз. Сіздер де немере, шөбере сүйіп, бақытты ғұмыр сүріңіздер», – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Өнер иесі немересімен бірге өткізген сәттерімен де бөлісті. Оның айтуынша, түнгі сағат екіден таңға дейін жары екеуі немересін кезек-кезек тербетіп шыққан.
Желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, «ата-ене деген осындай болу керек» деп жылы лебіздерін білдірді.