Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасындағы Бекболаттың кім екенін сұрап, түрлі болжам жасап жатыр.
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі бауырына қатысты ренішін білдірді. Ол кей адамдар секілді желіде есімін атамай, жұмбақтап жазбайтынын айтып, қажет болса мәселені ашық жеткізуге мәжбүр болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші жазбасында Бекболат есімді азаматқа қарата, арадағы жұмыстарын тоқтатқаннан кейін де өзінің таныстарын мазаламауды ескерткенін жазды.
«Мен арқылы танысқан адамдарды мазалама деп!! Иә, адамның күні адаммен. Суға батып бара жатсаң, маған бір ауыз ескерт. Мен бармын! Тірімін, шүкір! Олар менің таныстарым, сенің олардан не өтініп, не сұрап жүргеніңді мен білуім керек», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Ол сондай-ақ Үрімшіге барған кезінде өзінің профессор сіңлісінің де Бекболаттың шаруаларына көмектескенін айтып, бұл жағдайға наразылығын білдірді.
«Мені ақымақ (лох) көргенді мен ұнатпаймын! Сені көрмегелі көп айдың жүзі болды ғой! Өз жайыңмен жүрші, айналайын-ау! Мені ұмытшы, менің атымды атап, менің таныстарымды пайдаланбашы! Аман болшы, әкетай!» – деді әнші.
Меруерт Түсіпбаева жазбасының соңында бұл посттың Бекболат Тілеухановқа қатысы жоқ екенін арнайы атап өтті.
Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасындағы Бекболаттың кім екенін сұрап, түрлі болжам жасап жатыр.