$ 450.91  522.69  5.33

«Енді сен бір төмпешіксің»: Меруерт Түсіпбаева марқұм болған жақын құрбысын жоқтады

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әнші Меруерт Түсіпбаева сәтсіз отаның құрбаны болған құрбысы Сәуле Базархан туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Торқадай жамылып ап топырағын, жатармын өз жерімде бір төмпешік", деп Қасым ақын жырлағандай, біреу ерте, біреу кеш әйтеуір бір солатынымыз айдан анық… Сауленің басына бара алмай, жаным жай таппай жүрген едім. Бүгін сәті түсті. Машинадан түсе сала меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп, көзімнен жас парлап, "Сауле!" деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым… Жан-жағына нұрын шашқан жанашыр Сауле! Аз уақыт болса да, жақын араластық. Сен туралы менің естеліктерім көп қой… Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ, ақша алмай әлек қылатынсың. Көнбеген соң, бір амалын тауып, дәрігердің қолы ауырмасын деп, жеке счетына салатынмын. “Досың дос болғанына шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан", деген атам қазақ. Өзіне керегін алып, екінші күні танымай қалатын талай сатқын, сайқал “достарды” да көргенбіз… Мен желіде мыңмен жалғыз алысып отырғанымда үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің. Енді сен жоқсың! Жай ғана, бір төмпешік... Жаның жай тапсын, адал досым", деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0