$ 450.91  522.69  5.33

«Мына түріңіз ұнамай тұр»: Азамат Сатыбалдының денсаулығына қатысты жазбасы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Танымал актер Азамат Сатыбалды денсаулығына байланысты ашығып жүргенін айтып, оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қадірлі достар. Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Мысалы, менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүргеніме. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды. Алла жар болсын», – деді ол.

Актердің жазбасынан кейін желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдап, түрлі пікір қалдырды.

«Мына түріңіз ұнамай тұр, әрең отырсыз, ілініп-салынып. Не үшін ашығудасыз? Ауырып қалдыңыз ба?», «Бұрынғы кезіңіз дұрыс еді ғой», «Өтініш, актерсіз ғой, осындай әңгімені желіге мүлде салмаңызшы», «Көз кіртиіп, мойын қылқиып. Аман-есен жақсы болыңызшы», – деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0