Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі пікір қалдырды. Бірі қолдаса, енді бірі түсіне алмағанын айтты.
Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бірнеше жыл соттасып, ажырасып тынған экс-әйелімен татуласты. Ол бұрынғы және қазіргі әйелімен бірге Түркияда демалып жүр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде Ляйсира екеуінің әсерлі фотолары тарады. Суреттен Айсәуле Бақытбекқызын, Баянның отбасы және өзі де сонда болғанын көруге болады. Ел назарын аудартқан видеода Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, бір біріне сүйіспеншілікпен қарап отыр. Елді шулатып, бір бірімен ұзақ уақыт соттасқан бұрынғы ерлі-зайыптылардың татуласып, демалыста бірге жүруі желі қолданушыларын тағы дүрліктірді.
Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі пікір қалдырды. Бірі қолдаса, енді бірі түсіне алмағанын айтты.
“Баянның ақылының асқандығы ғой”, “Баянның түсінігіне рақмет!”, “Не болып жатыр өзі?”, “Жақында Баян екеуі құрбы болатын шығар”, “Саналары өскен адамдардың іс-әрекеті”, “Бәрінің басын қосыпты Баян”, — деп жазды оқырмандар.