$ 476.07  541.86  6.08

«Сені қатты сағындым»: Әнші Қанай марқұм анасына жазба арнады (ФОТО)

Өнер иесі марқұм ата-анасына дұға ету үшін Меккеге аттанған. 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Қанай марқұм анасына жүрекжарды жазбасын арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі марқұм ата-анасына дұға ету үшін Меккеге аттанған. 

"Бізбен қоштасқан соңғы сөзіңнен бері жүрегімде қаншама айтылмай қалған сөз бар…

Мама, сенің жүрегің қандай кең, қандай ақкөңіл, қандай кешірімді едің. Қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым. Егер бір жерден көңіліңді қалдырсам, мені кешірші…

Кейде достарымның ата-анасымен бірге жүргенін көріп, олардың бақытына қызыға қараймын. Сондай сәттерде сені қатты сағынамын.

Ештеңеге өкінбеймін. Сен де, папам да бізге ең жақсы тәрбиені бердіңдер. Тек жүректе мәңгі қалып қойған бір ғана «әттең…» деген сөз бар.

Сені қатты сағындым. Әрдайым дұғамдасың.

Туған күніңмен, жәннатым. Алла Тағала жәннаттың ең көркем төрінен орын нәсіп етсін. Рухың шат, мекенің жәннат болсын. Сені мәңгі жүрегімде сақтаймын", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0