Айта кетейік, бұған дейін де Сәкен Майғазиевтің екінші әйел алғысы келетіндігі туралы видео тараған еді.
Желіде Сәкен Майғазиевтің екінші әйел туралы айтқан тағы бір сұхбаты тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші тоқалдыққа қарсы емес екенін жеткізген.
"Екінші әйел алу туралы дұрыс пікірдемін. Егер бірінші әйелін құрметтеп, алақанында салып жас қыздарға емес, жесір қалған, тағдырдың тәлкегіне түскен әйелге және оның балаларына қамқор бола алатындай азамат болса, өз басым қолдаймын. Тіпті керек болса 3-4 әйелді алып әулет болып отырған ерлерге басымды иемін. Ал енді шаңырақты ортаға түсіріп, обалға қалуды қаламаймын. Біріншіден, Алла тағала өзі рұқсат берген, екіншіден, ол сүннет. Қазақтың санын көбейтсе, көрсеқызарлық болмаса өз басым қарсы емеспін", - дейді ол Жанар Айжановаға берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін де Сәкен Майғазиевтің екінші әйел алғысы келетіндігі туралы видео тараған еді.