$ 470.8  545.99  6.6

«Менде бәрі күшті!»: Мөлдір Әуелбекова желідегі шудан кейін концертте төбе көрсетті (ВИДЕО)

Менде бәрі күшті.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі өзіне қатысты шудан кейін концертте бой көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Оралда өткен концертке қатысқан. Ол сахнаға шығып, көрерменмен тілдесіп, өзінде бәрі жақсы екенін айттты. Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі белсенділігінің артқанын да әзілмен жеткізді.

“Қалдарыңыз қалай? Менде бәрі күшті. Осы барыммен, нарыммен сіздерге қызмет етіп, әнімді салып жүре берейін. Әлеуметтік желідегі статистикам да жақсы болып тұр, ұшып тұр”, – деді ол.

Мөлдір Әуелбекова “Ауыл” партиясының мүшесі екенін еске салды. Оның сөзінше, бұл шешім оның өмірлік ұстанымы мен шыққан ортасына байланысты.

“Негізі мен “Ауыл” партиясының мүшесімін. Өзім барыммен, талантыммен сіздерге қызмет етіп жүре беру үшін осы партияны қолдадым”, – деді әнші.

Өнер иесі көрерменге алғысын білдіріп, келер уақытта да шығармашылығын жалғастыра беретінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0