$ 470.8  545.99  6.6

«Көке, сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы желіде жазбасымен көпті елжіретті (ФОТО)

Бақытқа толы өмір тілеймін!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Күні кеше әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген туған күнін атап өтті. Өнер иесін әлеуметтік желі арқылы ең алдымен туған-туыстары мен жақындары құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің қарындасы Раушан Құдайберген Instagram парақшасында ағасымен түскен суретін жариялап, әсерлі жазба қалдырған.

«Туған күніңмен, көке! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытқа толы өмір тілеймін! Сені жақсы көреміз», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Димаштың кіші інісі Мансұр Құдайберген де пікір қалдырып, ағасына ақ тілегін жаудырды. Желі қолданушылары бауырлардың арасындағы сыйластық пен шынайы сезімге тәнті болғанын жазып жатыр.

Көпшілік өнер иесіне денсаулық, шығармашылық табыс және ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздерін қарша боратты. Пікір жазған жанкүйерлердің бірі: «Димаштай қарапайым әрі талантты жан сирек», – десе, енді бірі: «Қазақтың мақтанышы аман болсын», «Отбасыларыңыз әрдайым бақытты болсын» деген тілектерін қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0