$ 470.8  545.99  6.6

«Зейінің ашық болсын!»: Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды (ВИДЕО)

Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алау мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басты. Жас түлектің мектеп бітіру кешінен әсерлі сәттер әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл қуанышты жаңалықты Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі қызына жүрекжарды тілегін арнап, оның болашағына сенім білдірді.

«Алау Қайратқызы, жас түлек! Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын! Сен армандаған белестің биік екенін білемін. Сен оған өз талпынысыңмен жетеріңді де білемін. Біз әрдайым сенің жаныңдамыз», – деп жазды ол.

Мектеп бітіру кешіне Қайрат Нұртастың өзі де қатысып, қызының қуанышын бөлісті. Видеодан әншінің қызына ерекше ықыласпен қарап, ата-аналық мақтаныш сезімін жасыра алмағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары да жас түлекке ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік: «Алаудың болашағы жарқын болсын», «Әке-шешесінің мақтанышы болып өссін», «Қанатың талмасын, арманың орындалсын», «Қандай әдемі отбасы» деген сынды жылы пікірлер қалдырған.

Сонымен қатар оқырмандар Қайрат пен Жұлдыздың бала тәрбиесіне жоғары баға беріп, өнерлі отбасының қарапайымдылығы мен ұйымшылдығына тәнті болғандарын жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1