$ 464.53  543.73  6.15

«Баян апама қосылғалы бері бағы ашылды»: Белгілі журналист кәсіпкер Тұрсын Алагөзов туралы

Сен нағыз батырсың!

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Журналист Ербол Мәндібек кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың продюсер Баян Алагөзоваға қосылғалы бері бағы ашылғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Квартираны Тұрсын берді деп жүрміз ғой. Олай емес екен. Бұның бәрін бергізіп отырған Баян апамыз екен. Кеше бұл жайында өзі айтты.

«Сен нағыз батырсың. Жыл сайын халыққа 100 квартира беру менің арманым еді, сен соны орындап жатырсың. Тоқтамай, жақсылық жасай бер», деді Баян апам күйеуіне.

Кейде ойлаймын, Тұрсын жездемнің бірінші қатынымен ажырасқаны тіптен дұрыс болды ма деп. Жомарт қолы байланып әбден қор болған екен ау. Баян апама қосылғалы бері бағы ашылды. Бизнесі жүріп, күректеп ақша тауып, халқын ойлап дегендей.

Бұл дүниенің құлағын еркектер емес әйелдер ұстап тұр. «Қатын қандай болса, заман сондай болады». Осындай мақал ойлап таптым Баян апамның құрметіне”, — деп жазды журналист.

Айта кетейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1