$ 464.53  543.73  6.15

«Ешқайда кетпеймін деді»: Дана Нұржігіт ұлын көндіре алмай қойғанын айтты

Сондай-ақ журналист ұлын шетелде оқытуға дайындап жүргенін, алайда баласының өз таңдауын жасағанын жеткізді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының болашағына қатысты ойымен бөлісіп, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол баласының авиацияға деген қызығушылығы ерекше екенін айтып, ана мен бала арасындағы диалогты баяндады.

«Уақыт зырғып барады… бәрі де өтіп жатыр… ал менің ұлым өз армандарымен алға ұшып келеді. Енді арман мақсатқа айналды. Әлім аспанға, авиацияға ғашық. Ол тек авиациялық техниканы оқиды, көреді, соған ғана қызығады. Кеше түнде көлік жууға бардық, көлікті өзі жуып шықты да, кейін әуежайға баруды сұрады. Жай ғана тұрып, ұшақтардың қалай ұшып жатқанын көргісі келді. Бұл қызығушылық қайдан пайда болды екен?!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист ұлын шетелде оқытуға дайындап жүргенін, алайда баласының өз таңдауын жасағанын жеткізді.

«Мен оны шетелдік университетке түсуге дайындап жүр едім. Баламда бәрі жақсы болсын деп тырысамын: оқуына, жолына, тұрмысына ақша табамын деп ойладым. Бірақ ұлым: “Анашым, Қазақстанда Азаматтық авиация академиясы бар. Мен сонда оқығым келеді”, – деді. Мен шетелді де ұсындым, ал ол: “Неге басқа жақ? Мен қайда барғым келетінін нақты білемін”, – деді. Сонда мен: “Егер нақты білсең, мен сені қолдаймын, балам”, – дедім. Ал ол: “Рахмет, мама! Мені сындырмай, тыңдағаның үшін рахмет! Мен ешқайда кеткім келмейді, өз елімде болғым келеді. Бұл жерді тастамаймын”, – деді. Соңғы сөзінен кейін қатты толқыдым. Бәрі бір сәтте есейіп кеткендей… 15 жастағы өз өмірінің капитаны», – деп жазды Дана Нұржігіт.

Желі қолданушылары жазбаға жылы пікір білдіріп, жасөспірімнің отаншыл ұстанымына тәнті болғанын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 0