Мен ересек адам ретінде өзіме ғана байланысты нәрсеге шешім қабылдадым.
Эстрада жұлдызы Абай Бегейдің тұңғышы, блогер Ерке Ниязқұлова хиджабын шешті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші қыздарымен бірге орындайтын «Айналайын» әніне бейнебаян түсірген. Өнерлі отбасының әлеуметтік желіге жариялаған фото-видеолардан Ерке Ниязқұлованың хиджабсыз жүргенін байқауға болады.
Блогердің өзі Instagram stories-те шешіміне құрметпен қарауды өтінген.
“Сіздерге үлкен өтінішім бар. Орамалды ешқандай жағдайға, бейнебаянға, адамға байланыстырып өз ойларыңызбен түрлі ақпарат құрастырмаңыздаршы! Мен ересек адам ретінде өзіме ғана байланысты нәрсеге шешім қабылдадым. Біреу киді, біреу шешім, ол адамдарда менің шаруам жоқ, болмаған да. Әркім өзі басына ғана жауап береді. Менің қазіргі күйімді қабылдап, құрметтеп, түсіністік танытуларыңызды ғана сұраймын”, – деп жазды ол.
