Өнер иесі арада бес жыл уақыт өтсе де, әкесінің орны бөлек екенін жеткізіп, әсерлі өлең жолдарын бөлісті.
Қазақстандық әнші Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желіде әкесі, белгілі композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевті еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі арада бес жыл уақыт өтсе де, әкесінің орны бөлек екенін жеткізіп, әсерлі өлең жолдарын бөлісті.
«Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мәңгі тіршілік
Мазамды алады…», - деді ол өлең жолдарынан үзінді келтіріп.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына қолдау білдіріп, Ескендір Хасанғалиевтің қазақ өнеріндегі орны ерекше екенін айтып, жылы пікірлерін қалдырды.
Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев – қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың бірі. Оның әндері халық жадында сақталып, әлі күнге дейін кеңінен орындалып келеді.