Актердің айтуынша, күйеуің немесе әйелің ашуланған кезде үндемеу - басты қасиет.
Танымал актер Азамат Сатыбалды, сүйікті жары Назым Қарабалинамен ұзақ уақыт бірге болудың, отбасы құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актердің айтуынша, күйеуің немесе әйелің ашуланған кезде үндемеу - басты қасиет.
«Бір ғана құпиясы бар. Бірің ашуланған кезде, бірің үндемеу керек. Назгүлдің бойында ең ұнайтын қасиеті - ол мені қатты жақсы көреді, мен оны 150 пайыз білемін. Екіншіден, ол маған қатысты дүниенің барлығын жақсы көреді. Үшіншіден, ол менің отбасымды жақсы көреді. Төртіншіден, мен не қалаймын, не айтамын соның ешқайсына қарсы болмайды. Мен енді бақытты емеспін бе?! Мұхтар ағамыз әдемі айтқан «Жұбайлар бар әңгімесі тауысылған, ал махаббат - таусылмайтын әңгіме». Екеуіміздің әңгімеміз - өнер», - дейді Азамат Сатыбалды.