Қазақстандық блогер әрі хореограф Айым Аманғали ресейлік музыкант әрі әнші Мотты туған күнімен ерекше тәсілмен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы әншінің "Как к себе домой" әніне би билеп, тренд форматта видео жариялаған.
Бейнежазбаны Айым 2026 жылғы 3 наурызда Instagram парақшасына жүктеп:
— «Мот, туған күніңмен!» – деп жазған.
Желі қолданушылары Айымның биіне жоғары баға берді. Олар:
«Керемет!», «Өте әдемі!», «Вау, қандай күшті», «Мот сторисіне салыпты!» – деп пікір қалдырған.
Айымның биі әншінің өзін де бейжай қалдырмады. Мот видеоны өз Stories-іне репост жасап, қазақстандық аруға алғысын білдірген.