$ 512.16  594.72  6.57

«Шымкент тағы да Шымкент»: Ләйлә Сұлтанқызы жантүршігерлік жағдайға ойын ашық айтты

Барлығы ондай емес екенін дәлелдегім келеді, бірақ қалай?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Журналист, қоғам белсендісі Ләйлә Сұлтанқызы Шымкентте орын алған қызды алып қашып, зорлау деректеріне байланысты өз пікірін ашық білдірді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл жағдайды оқыған сайын жанын ауыртатынын айтып, қоғамдағы үнсіздік пен ескі көзқарастарды қатаң сынға алды.

«Шымкент тағы да Шымкент деп айтқым келмейді. Барлығы ондай емес екенін дәлелдегім келеді, бірақ қалай? Оқиғаны оқыған сайын денем түршігеді. Мұның бәрін бір-ақ қосып соттаймыз ба, әлде не істейміз?» — деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы ең алдымен отбасылық жауапкершілікке назар аударды. Оның айтуынша, мұндай қылмыстарға жол беруде ата-ананың, үлкендердің рөлі де елеусіз қалмауы тиіс.

«Әке қайда, “тәйт” дейтін? Шеше қайда, “қой” дейтін? Неге қарғыс айтып, үйдің үлкені табалдырыққа жатады? Шырылдап орамал тағып жүргендердің жүрегі жоқ па сонда?» — деп ашына сөйледі.

Сондай-ақ ол жәбірленуші қыздарға қатысты қоғамдағы қысымды, әсіресе ар-намысты “тексеру”, простыня қарау сияқты әрекеттерді адамгершілікке жат деп атады.

«Тексермек түгілі, ондай жағдайға итермелеудің өзі ұят емес пе? Іште сонда уайым, аяушылық жоқ па?» — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары