$ 512.16  594.72  6.57

«Бетім табақтай, безеуім көрініп қалды»: Айнұр Тұрсынбаева күтпеген жазба жариялады (ВИДЕО)

Ақын желідегі көпшіліктің мінсіз көрінуге тырысатынын, ал шынайы өмірдің кадр сыртында қалып қоятынын ашық жазды.

Фото: @aidyn_nury
Фото: @aidyn_nury

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы жалған жылтыр өмір, әлеуметтік желідегі жасанды бақыт туралы ой қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақын желідегі көпшіліктің мінсіз көрінуге тырысатынын, ал шынайы өмірдің кадр сыртында қалып қоятынын ашық жазды.

«Бұл дүние жалған деп жатамыз.. Жалғандықтың көкесі инстаграмда..! Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз ғой.. 100 селфи.. “Ойбай, бетім табақтай, ойбай, безеуім көрініп қалды” деп ең әдемі, ең өтірік фотоны фук өткіземіз», – деп жазды.

Сондай-ақ ақын көпшіліктің әлеуметтік желі үшін өзіне де, жақындарына да ыңғайсыздық тудыратынын атап өтті.

«Суретке түспейтін күйеуін қинап отырғызып, қинап күлдіріп, қинап құшақтасып суретке түсетіндер бар… Ол байғұс күйеу әрен жымиып отырады ғой сол…», – дейді айтыскер.

Айнұр Тұрсынбаева Instagram-дағы жарқыраған өмірге алданып қалмауға шақырып, әр фотоның артында мүлде басқа шындық жатуы мүмкін екенін ескертеді.

«Айтайын дегенім, инстаграмдағы әркімнің жарқ-жұрқ еткен өміріне қызықпаңыз… Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін… Қымбат көйлек пен қымбат көліктің астында қаптаған қарыз жатуы мүмкін», – деп түйіндеді ол.

Желі қолданушылары ақынның бұл жазбасын шынайы әрі ой салатын пікір ретінде қабылдап, жазба астына қолдау білдіріп, өз ойларын жарыса жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары