$ 509.94  593.88  6.43

«Бауыр еті баласын жоғалтты»: Тамара Асар күйеуіне демеу беру парызы екенін айтты

Қағбаның қасында отырып жасаған дұғасын Тамара Асар көз жасымен еске алады.

Фото: tamara_assar_official
Фото: tamara_assar_official

Тамара Асар қасиетті Мекке қаласына жасаған сапары барысында әсерлі сәттерімен әлеуметтік желіде бөлісті. Өнер иесі стористерінде Умра ниеті, Қағбаға жақындау сәтіндегі сезімі, әкесіне деген сағынышы мен ішкі толғанысын ашық жазған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, Меккеге ең жақын миқаттардың бірі – Айша ана мешіті. Ол бұл орынның тарихына тоқталып, Айша анамыздың умраға ниет еткеніне байланысты аталатынын еске салған.

«Меккеге ең жақын миқат – умра ниеті үшін маңызды Айша ана мешіті. Айша ана мешітінен шығып, Меккеге қайта оралдық. Менде және жанымдағыларда бір уайым болды…», – деп жазды ол.

Тамара Асар Қағбаға жақындау оңай болмайтынын ойлағанын, бірақ сол сәтте әкесінің сөзі жүрегіне медеу болғанын айтады.

«Қағбаға маған жақындау өте қиын болады-ау деп ойладым. Бапасы мен Қамбар көтеріп алып жүруге дайындалды…».

Ол намаз оқуға ниет етіп, бала күніндегі естелікті есіне алған.

«9-сыныпта жүргенде әкем өз қолымен дәптерге намаз оқу тәртібімен маңызды сүрелер жазған дәптерін аштым…».

Әншінің сторисінде әкесінің дауысы естілгендей әсер қалдырған сәт те бар: «Балам, еш қорықпа, Қағбаға өз аяғыңмен жетесің, маңдайыңды тигізесің. Саған жүретін жол, отыратын орын дайындап қойдым», – деген сөздер құлағыма келді…».

Қағбаның қасында отырып жасаған дұғасын Тамара Асар көз жасымен еске алады. Сондай-ақ күйеуінің қайғысы туралы да жаза кетті. 

«Қасиетті Қағбаға басымды тигізіп тұрып, тіліме үйірілген жандардың аттарын қайталап дұға жасай бердім. Көзімнен ыстық жас тоқтамады. Тас түскен жеріне ауыр, бауыр еті баланы жоғалту жүрекке түскен ауыр тас ешқашан ерімес. Бірақ жүректі жылыта беру жақындарының парызы шығар. Мен қолымнан келгенше, денсаулығым жетсе, жүрегінің жылытушысы болайын, бапасы…», – деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары