"Шамаң жетсе, ал".
"Меломен" тобының әншісі Ролан Қазрет Youtube желісіндегі "Kezdesu" подкастында қонақта болып, сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында ол Тоқал алуға деген көз қарасын айтты.
"Тоқал туралы ой балаң болса да, болмаса бар дүние. Әр еркектің ойында, жаратылысында бар дүние. Шамаң жетсе, ал. Өзіңнің айтқан сөзінде тұра алатын табандылық, нақтылық керек. Одан кейін сенің материалдық жағдайың. Бала туылса, оның барлығына жауапты боласың. Әйелдеріңе жауапты болуың керек. Барлығына әділ түрде қарай алу керексің. Осының барлығына тұрып берсең, амалын келтіруге болады деп ойлаймын. Тоқал мәселесіне қадам басайын деп жатқан жоқпын, ойлап та жүрген жоқпын. Себебі менің оған рухани деңгейім де, шамам да, күшім, энергиям да жете бермейді", - деп жауап берді ол.