Өтірік күле бергені несі?!
Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей ағылшын тілінде сөйлеп, көрермендерді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда әзілкештің әзілі көпшілікке жақпай қалды. Желі қолданушылары өнер иесінің ерсі әрекетін сынап тастады.
«Осыған аздап жетіспейтін сияқты ма лайк хайп үшін сонша қуып кеткені несі ер адам сәл серьёзный болса күлдірем деп бүлдірмей тым ерсі», «Ана елге сын айтқыш әйеліңнің өңеші жыртылатын болды ғой күлкіден , кұйеуінің қандай күлкілі шыныда мен ешқандай Қайрат ойнаған образдарды қарамаймын, ұнамайды», «Ерсі нәрселерді істейді күлдірткесін Тұрсынбек сияқты болу керек, Мөлдірден қалмайын деп бұларда шығыпты ғо», деп жазды көпшілік.