$ 513.55  602.09  6.42

«Оны Құдай ғана біледі»: Мақпал Исабекова өмірінің ең ауыр күндерін еске алды (ВИДЕО)

"Бәлкім жүрегімнің астында жатқан қызым да сезген шығар…"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

41 жастағы отандық әнші Мақпал Исабекова екінші жүктілігі кезінде түсірілген видеоны көрсетті. Өнер иесі ол кезеңде басынан не өткергенін «оны тек Құдай ғана білді» деп мойындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мақпал Instagram желісіндегі «Саған қай жерде ауыр болғанын көрсет, бірақ оны ешкім білмейді» атты трендті қолдап, блогында бейнежазба жариялады.

Кадрларда әнші үлкен ішпен камераға тік қарап, шашын өріп отырғаны көрінеді. Ол бұл кезеңнің өзі үшін өте ауыр өткенін жасырмады.

«Ол кезде менің қандай күй кешкенімді, ішімде не болғанын тек Алла ғана және мен білемін, бәлкім жүрегімнің астында жатқан қызым да сезген шығар… Аллаға шүкір, ол күндер де артта қалды», — деп жазды Мақпал.

Оқырмандар әншіге толассыз қолдауларын білдіріп жазды. 

"Сен мықтысың, Мақпал", "Өткеніңе, жеңгеніңе шүкір", "Аман болыңыз, бәрі жақсы болады", "Жақсы түсінемін", "Балаларың аман болсын", - деп жазды желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары