$ 519.61  610.13  6.54

«Өкінемін, қатемді қайталамаңдар»: Ләйлә Сұлтанқызы әйелдерге үндеу жасады

"Қазір туатын уақыт". 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист жас қыз-келіншектерге әпкелік ақылын айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. 

«Анам үнемі: “Қазір туатын уақыт. Бір келін кір жуады, бір келін ыдыс жуады, бір келін шаң сүртеді. Уақытында босанып ал, өзім қараймын”, – дейтін. Сол кезде тыңдамаған едім. Қазір шынымды айтсам, өкінем. Аллаға шүкір, ұлдарым аман-сау.

Жастарға айтарым: менің қателігімді қайталамаңдар. Жұмыс, мансап, білім ешқайда қашпайды. Қаласаңдар, бәрін қатар алып жүруге болады.

P.S. Суреттегі баланың бүгін тұсауын кестік. Оны эмбрион кезінен танимын», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары