$ 519.61  610.13  6.54

«Ешкімнің аузына қақпақ болмаймын»: Атақ алған жас актер өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Адамдар сұрақты маған қойып жатыр.

Танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар “TalkLike” берген сұхбатында құрметті атақ алғаны үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, өзіне бұл атақтың не үшін берілгені жөнінде сұрайтындар көп. Ал ол мұның жауабын өзінен емес, жауапты тұлғалардан сұрау қажет екенін айтты.

“Маған бұл атақтың не үшін берілгенін сұрап жатқандар көп. Адамдар сұрақты маған қойып жатыр. Оны маған емес, берген адамға қою керек деп ойлаймын. Маған берді, мен алдым. Бұл атақты беруді әкім шешпейді немесе халық таңдамайды. Мені халық таңдаған жоқ, бұл депутаттыққа немесе әкім болуға сайлау емес қой. Атақты халық таңдаса да алар едім, әлеуметтік желіге салсам, оқырмандарым мені қолдар еді. Мен оқырманым көп, шамамен 1,4 миллион қолданушы, мені бәрі жақсы көреді. Бірақ бұл дауыс берумен шешілетін дүние емес, жоғарыдағылар осылай шешкен екен. Оның себебін мен де сұраған жоқпын, өйткені маған келіп-кетер пайдасы жоқ. Мен бұл үшін мемлекеттен ақша алмаймын ғой. Тегін емделуге болады дегенді естідім, маған ол да қажет емес, менің өжеке дәрігерлерім бар, оларға ақша төлеп қараламын”, – деді ол.

Актер бұл атақтың оған берілуін үлкен жетістік деп бағалады.

“Награда берілді, мен қолын қайтармай алдым, өйткені бұл үлкен жетістік. Өте қатты қуандым. Лайық немесе лайық емес екенімді берген адам шешетін шығар. Қалғандары сөйлей береді, айта берсін, мен олардың аузына қақпақ болмаймын”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары