$ 503.89  587.54  6.48

«Осыны да журналист дейді-ау»: Ләйлә Сұлтанқызының сауатсыз сұрақтары көптің ашуына тиді (ФОТО))

"Сізді де медиа адамы дейді-ау". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі өзінің ұйымдастырған сұхбаты үшін сынның астында қалды. деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Ол "LS Stories" атты подкастына жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанель Мақажанды қонақ етіп шақырған. Алайда оның журналист ретінде орынсыз қойған сұрақтары көпшіліктің жаппай наразылығын тудырды. 

Threads әлеуметтік желісінде Айша Манаш есімді оқырман өз ойын ашық түрде жеткізген. 

"Бұл передачаны алғаш көруім. Кеше шаруа істеп жатып бірнәрсе қосып қояйын дедім да, рекомендацияға осы интервью шығып тұр. Жанель мен Абай үшін осы передачаны көрейін дедім. Бірақ Ләйлә Сұлтанқызының кейбір сұрақтарынан өзім ыңғайсызданып, өзім ұялып отырдым. Абай мен Жанельге сол сұрақтары ауыр келсе де барынша сабырмен, көркем түрде жауап беріп отырды. Құрметті журналисттер, просмотр жинаймыз деп адамның қытығына тиетін, орынсыз сұрақтар қойылуы қате сияқты. Бұл да мәңгілікке мұрағат болып қалатын тарих қой. Ертең балалары, басқа таныстары көреді дегендей …", - деп жазды ол. 

Бойжеткеннің пікірімен 200 ге жуық желі қолданушылары келісіп, өздерінің сыни пікірлерін ортаға салған. 

"Сізді де медиа адамы дейді-ау. Әйел емессіз бе? "Былжырақ" деп, бұрынғы күйеуін сұрап өз күйеуінің жанында. Не деген мәдениетсіздік! Қонақты емес, өз-өзіңізді түсіріп отырсыз!", "Өзі де бірнеше байға тиіп, неге мұндай сұрақ қояды", - деп жазды оқырмандар. 

Ләйлә Сұлтанқызының өзі әзірге бұл әрекетіне пікір білдірген жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары