$ 503.89  587.54  6.48

«Екі жылға сотталып кете жаздадым»: «Қойшы бала» өзіне қастандық жасалғанын айтты (ВИДЕО)

"Аяқтан шалғандар болды".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Қойшы бала» деген атпен танылған әнші Айдос Кәден өзін аяқтан шалғандардың әрекеті салдарынан екі жылға сотталып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші сұхбат барысында жағдайдың мән-жайын толық ашпады, тек ишарамен жеткізді.

«Екі жылға сотталып кете жаздадым. Аяқтан шалғандар болды. Бір видеодан проблема шықты. Бірақ өзімді ақтап шықтым, кінәсіз екенімді дәлелдедім. Адвокат жалдауға да ақша керек болды. Бұл тақырыпты ашып айта алмаймын», – деді ол.

Сондай-ақ Айдос бұрынғы продюсері Жігер Ауыпбаевтан кетуі дұрыс шешім болмағанын жасырмады. Оның сөзінше, сол кезде айналасындағы адамдардың ықпалына еріп кеткеніне өкініш бар.

«Қайтып бару мүмкін емес, ренжулі шығар. Бірақ бұл оның жек көретін адамым дегені емес», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары