$ 503.89  587.54  6.48

«Жетер енді, қадала бермей!»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің жарына шүйлікті

Өнер иесінің айтуынша, оның сұхбатындағы сөздер бұрмаланып, қоғамдық пікірдің қате қалыптасуына себеп болған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Индира Елемес желіде марқұм Арман Дүйсеновтің жарына қатысты жазба жариялап, өзіне бағытталған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, оның сұхбатындағы сөздер бұрмаланып, қоғамдық пікірдің қате қалыптасуына себеп болған.

Стористе жарияланған мәтінде Индира Елемес былай деп жазады:

«КТК арнасы неге қазбаламайсыздар? Менің аузымнан “студияда қайтыс болды” деген сөз шықпады. Олай бұрмалаудың қажеті жоқ. Егер керек болса, материалдарды КТК арнасынан көресіздер — бәрі қалай айтылғаны бар. Жетер енді, не үшін бұл жерде тұрды, күйеуіңіз туралы айтпадыңыз ба? Менің айтпаған сөзіме қайта-қайта жабысудың қажеті жоқ. Өмір сүріңіз өз жолыңызбен. Материалды фактімен алып, содан кейін ғана жариялаңыз!» — деп жазады әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 14
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары