Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасында Алматыдағы мейрамхананың қызмет көрсету сапасын сөз етті.
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков желіні шулатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Нұртас Айдарбеков желідегі парақшасында Алматыдағы мейрамхананың қызмет көрсету сапасын сөз етті.
"Ал, ағайын, абайлаңыздар! Мына жерде тек алдаумен айналысатындар қызмет етеді екен. Көлемі суреттегімен мүлдем сәйкес келмейді, бағаларымен де алдау көп. Халықты алдамаңыздар!", - деді ол.
Желі қолданушылары осы тұста Нұртас Айдарбековтің сыраға тапсырыс бергенін байқап қалған.
"Оны қойыңызшы сторисіңізде сыра ішіп, мейрамхананы белгілеп жатырсыз ғой", деп жазды оқырманы.