$ 530.15  617.47  6.64

«Бала-келінінен бөлек тұрғысы келген»: Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кетті

"Біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Алматыдан көшіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі көп жылдан бері тұрған өңірін қимайтынын жасырмады. 

“Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен, Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын”, – деп жазды әнші. 

Эстрада жұлдызының оқырмандарының бірі қимай жатса, енді бірі сәттілік тіледі. 

“Қоныс құтты болсын”, “Бала-келінінен бөлек тұрғысы келген”, “Сарыарқа төсі құтты,берекелі болсын!”, “Жаңа орныңыз құтты болып, қонысыңыз берекелі болсын! Астананың самал желімен шаштарыңыз желбіреп, жүрегіңіз елжіреп, әдемі әндеріңізбен жаңаша күйде таныла беріңіз!”, “Өте дұрыс шешім”, – деп жазды көпшілік

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 147
Ұнамайды 19
Күлкілі 5
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары