$ 530.15  617.47  6.64

Доспехи Бога: Отандық маман атақты Джеки Чанның киносына режиссер болады (ВИДЕО)

Роберт Кунның есімі әлемдік кино индустриясында жақсы таныс.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Аңызға айналған Джеки Чан басты рөлде ойнайтын жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Медиакомпания Salem Entertainment-тің Instagram парақшасында жазылғандай, Джеки Чан режиссерді, каскадер мен экшен-сахна қоюшыны өзі таңдаған. Таңдау қазақстандық режиссер Роберт Кунға түсті.

Роберт Кун — Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген танымал қазақстандық кинематографист. Ол «Майор Гром: Игра», «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» секілді фильмдердің экшен-сахналарын қойған.

Айта кетейік, Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталмақ. Бұл – әйгілі франшизаның жаңа тынысы болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары