$ 540.06  628.25  6.61

«Қалай дәтің барады»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисаның жалған сұхбат бергенін айтты

Халыққа соны ашып айтсаң.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайының жалған сөздерін әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актердің сөзінше, әйелі фильм шығарғаннан кейін ажырасып кеткен. 

“Экс-ханым, берген сұхбатыңда "Таптым-ау сені" фильмін түсірмей тұрып, кетіп қалдым депсің. Онда неге сол кинодағы мотоцикл заң жүзінде менің атымда тіркеледі. Неге онда сол мотоциклді саған айдап үйретемін? Халыққа соны ашып айтсаң. Ашып айта алмасаң, мен айтамын шындықты! Халықтың алдында жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?!”, – деп ашуланды. 

Одан кейін жер үйді де өзі несие алып, салғанын жасырмады. 

“2012 жылы жерді өзім алдым, әкем сол жердің басына палатка құрып қонып жатып, өзі бастап тұрғызып берген. 2015 жылы өз атыма несие алып, той басқарып, жұмысшылар жалдап, өзім салғанмын. Сол 2007-2015 жылдар аралығында қай жерде жұмыс істеп едіңіз? Қай жерде жұмыс істеп, қай ақшаңа салып едің?" – деп шүйлікті Дархан Мұсаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары