$ 541.54  629.16  6.64

«Нұрекеме арнап ән жаздырдым»: Нұртас Айдарбеков 60 жасын дүркіретіп өткізді

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жолдасына арнап, су жаңа әнінің тұсауын кесті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбекова туған күнін мейрамханада атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі 60 жасқа толды. Жары, продюсер Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды тілегін арнады. 

“Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын! Саған үйленгеніме өкінген емеспін” деп ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нұрекеңнің бүгін туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!, – деп жазды туған күн иесінің әйелі. 

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жолдасына арнап, су жаңа әнінің тұсауын кесті.

“Қазір жұптардың бәрі бір-бірін атамай “Жан” дей салатын болған ғой. Ой, тоба! Жан-жан деп алып, ертесіне неменеге қырылып отырады деп күліп жүруші едім. “Күлме досыңа, келер басыңа” дегендей менде трендтен қалмайын дедім. Нұрекеме арнап ән жаздырдым. Сіздерде жандарыңызбен бірге тыңдап, бағасын беріңіздер!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары