$ 547.57  642.63  6.68

«Бір емес жеті рет дуаландым»: Әнші Мұрат Қожа не себепті сахнадан алыстап кеткенін түсіндірді (ВИДЕО)

"Адам есіне алғысы келмейтін сәттер болады".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Нұрлан мен Мұрат тобының әншісі Мұрат Қожа «Алғашқы» бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші соңғы жылдары неге сахнаға жиі шықпай кеткенін түсіндіріп, өмірінде бастан кешкен ауыр кезеңімен бөлісті.

«Адам есіне алғысы келмейтін сәттер болады. Мұндайды дұшпаныңа да тілемейсің. Өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан оңай емес. Құдайға “Мені алып кетші, болды, шаршадым” деп жалынған кездерім болды. Жақындарым мені көріп қатты қиналды. Бір жыл бойы арбада отырдым. Оның алдында тіпті отыра алмай, екі ай қимылсыз жаттым. Дәрілермен ғана күн көрдім. Дұғалар қабыл болған шығар, достарымның кеңесімен Алматыға келіп емделіп, бір жылдың ішінде аяғыма тұрдым. Бұл дерттің нақты диагнозы жоқ. Әртүрлі жерде тексерілдім. Ақпаратқа сенсек, арақтан келген ауру екен. Дуаланған арақты ішіп қойыппын. Мені дуалаған әйел адам болып шықты. Бір рет емес, жеті рет дуалапты. “Ақшасы болмасын, бала-шағасынан айырылсын, бауырларының жолы кесілсін” депті. Айтқаны орындалды: шауып жүрген анам аяқ астынан өмірден өтті, бір бауырым өзін қорғап жүріп сотталды», – деді Мұрат Қожа.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары